Ұлттық бірыңғай тестінің шекті балдары жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл өзгеріссіз, яғни кемінде 50 балл және ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл болып қалды.
Алайда оқуға түсу үшін 50-ден аса балл жинау қажет дайындық бағыттары бар. Ең жоғары шекті балл кемінде 75 балл болып "Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру бағдарламаларына түсу үшін бекітілген.
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" бағыты бойынша оқуға шешім қабылдаған талапкерлер ҰБТ-да кемінде 70 балл жинауға тиіс. Ал ұлттық жоғары оқу орындарына "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" мамандығына түскісі келетіндерге кемінде 60 балл жинау қажет", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін қаңтарда ҰБТ басталғаннан бері 15 мыңға жуық адам тест тапсырғаны, соның ішінде талапкерлердің 67 пайызы қазақ тілінде, 32,9 пайызы орыс тілінде, 13 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткені хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!