- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есірткі қылмысы
2024 жылдың ең ірі операциясы: полиция екі нарколабораторияны анықтады
Алматы облысында полиция ірі нарколабораторияларды жою операциясын жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың ең ірі операциясы барысында екі нарколаборатория жойылып, рекордтық көлемде есірткі мен прекурсорлар тәркіленді.
Іле ауданының ҚазЦИК ауылында полиция мефедрон өндіретін зертхананы анықтады. Ұсталған 25 жастағы азаматтан 34 келі дайын есірткі және 148 келі прекурсор тәркіленді.
Күдіктіні тергеу барысында тағы бір зертхана табылды. Ол жерден арнайы жабдықтар, химиялық заттар және 24 келіден астам есірткі тәркіленді.
Операция нәтижесі бойынша тәркіленген заттардың жалпы көлемі: 60 келіге жуық есірткі, 95 келі қатты күйдегі және 250 литр сұйық күйдегі прекурсорлар.
"Бұл тәркілеу 2024 жылы елдегі ең ауқымды операция ретінде тіркелді", - деп хабарлады полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан