- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2024 жылдан бастап...
2024 жылдан бастап зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді
2024 жылдан бастап зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді. Мұндай шешімді Хорватия билігі қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euro-pulse.ru сайтына сілтеме жасап.
Алайда бұл өзгеріс әзірге тек тәжірибе ретінде қабылданған.
2024 жылы Хорватияда зейнеткерлер мен 65 жастан асқан адамдар Ұлттық темір жолдар (HŽPP) пойыздарында тегін жүре алады. Тегін жол жүру құқығын пайдалану үшін егде жастағы адамдарға тек арнайы жазылым қажет болады.
Бұл жаңашылдықтың мақсаты - жаһандық жылынуды күшейтетін автокөліктерден көмірқышқыл газының бөлінуін азайту, көлік кептелісі мен жолдардағы көліктердің санын азайту.
Пилоттық бағдарлама бір жылға созылады. Болашақта Хорватия үкіметі оны ұзарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек