- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2023 жылы жоғалып...
2023 жылы жоғалып кеткен Тараз тұрғыны өлі табылды
Фото:
instagram/volontery_almaty_lider.kz
2023 жылдың мамыр айында жоғалып кеткен Тараз қаласының тұрғыны өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1996 жылы өмірге келген Думан Қуанышұлы 2023 жылдың 10 мамырында Арай массиві, Майлықожа көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Жас жігіт белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған.
Оның орта денелі, бойы 190 сантиметр, шашы қоңыр, көзі қоңыр адам екені белгілі.
Еріктілер қайғылы оқиғаның мән-жайын әлі нақтыламады. Тек тергеу жүріп жатқаны белгілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева