Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру бағдарламасы аясында 2023 жылы 21-35 жаc аралығындағы азаматтарға бизнесті кеңейту үшін 29 миллиард теңге несие беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"21-35 жас аралығындағы азаматтардың 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие алу мүмкіндігі бар. Егер жеке кәсіпкер мәртебеңіз болса, кәсіпорынды тіркеу мерзімі 5 жылға дейін болуы керек. Облыстың жас тұрғындары несие алу үшін сенімді деп танылған Аграрлық несие корпорациясына тиісті құжаттарды тапсыруы қажет", - делінген хабарламада.
Несиенің негізгі шарттары:
Микрокредит алу үшін құжаттарды тапсыру мәселесі бойынша Аграрлық несие корпорациясына жүгіну қажет.
2023 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша 5,3 мыңнан аса өтінім түскен, оның 3344-і мақұлданған.
"2577 жобаны іске асыру үшін 11,4 миллиард теңге кредит берілді. Қалғандары - қаржыландыру сатысында. Несие алушылар арасында мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы кәсіпкерлер басым.
Несие 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге беріледі. 2023 жылы 29 миллиард теңге сомасына 5796 шағын несие беру жоспарда бар", - деді Үкімет баспасөз қызметі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!