2023 жылы Алматыда 17 жаңа мектеп ашылды

2023 жылы Алматыда 17 жаңа мектеп ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Жыл басынан бері 5 920 оқушыға арналған 21 мектеп пен қосалқы нысандар, оның ішінде 3 450 орындық 16 жекеменшік мектеп, 1,5 мың орындық 1 мемлекеттік мектеп және 970 орындық 4 қосалқы нысан іске қосылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

Бүгінгі таңда Алматыда 138 мың оқушы мен мектепке дейінгі ұйымдардағы 5,7 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Алғаш рет 1 қыркүйектен бастап Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 8 258 баланы қамтитын 30 мектепте «Мектеп автобусы» жобасы іске қосылды. Ол үшін 100 автобус сатып алынды. 2 инновациялық шығармашылық орталық, мектепке дейінгі және инклюзивті білім беру орталықтары ашылды.

Біліктілікті арттыру үшін курстардан 4 405 педагог, халықаралық тағылымдамадан – 360 педагог өтті. Жалпы, білім беруді қаржыландыру 2023 жылы 12 пайызға ұлғайып, 416 млрд. теңге болды, 2024 жылы 466 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды.

Алматы қаласы әкімдігі ұсынған материал

Massaget.kz