Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкіметтен ақбөкендерді аулауға мораторийді ұзартуды сұрағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ақбөкендер бойынша шешім әлі қабылданған жоқ. Бүгін ақбөкендерді аулауға мораторийді ұзарту туралы ұсыныс жібердік. Егер ұсынысымызды қолдаса, 2023 жылдың аяғына дейін ақбөкендерді аулауға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы ақбөкендерді атпаймыз", - деді Брекешев Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!