Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) 2022 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің негізгі макроэкономикалық индикаторларын шолып өтіп, келер жылы күтілетін даму траекториясына талдау жасады. ҚҚҚ талдау орталығының пікірінше, 2023 жылы теңге бағамы қолайсыз факторлардың қысымымен төмендеуін жалғастырады.
2023 жылы доллар 497,1-ге дейін қымбаттауы мүмкін, бұл ағымдағы деңгейден 5,7%-ға жоғары (470,35₸). Жаһандық шикізат нарығындағы ахуал мен АҚШ-тағы жоғары мөлшерлемелер саясатын жалғастыру теңге құнының төмендеуіне әсер етуі мүмкін, - дейді талдауда.
Бұдан өзге Ресей рублінің әлсіреуі және аймақтағы күрделі геосаяси жағдай ұлттық валюта бағамына теріс әсер етуі мүмкін деген де болжам айтады. Ал ішкі макроэкономикалық факторлар бағамның құбылмалылығын реттейтін болады.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) экономикадағы нақты мөлшерлеменің теріс мәні 2023 жылға дейін сақталады және екінші деңгейлі банк (ЕДБ) активтерінің өсімі байқалады деген де болжам келтіреді.