- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2023 жылғы ҰБТ-да...
2023 жылғы ҰБТ-да жауап нұсқаларының саны азаяды
Келесі жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің тест тапсырмалары құрылымына өзгерістер енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нәтижені тиімді бағалап, нақты талдау жасау үшін тест тапсырмаларында жауап нұсқаларының санын азайту туралы шешім қабылданды.
"Яғни нұсқалар саны бір дұрыс жауабы бар сұрақтарда 5-тен 4-ке дейін, ал бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарда (үш дұрыс жауаптан көп емес) 8-ден 6-ға дейін азайтылады", - деді Ұлттық тестілеу орталығы өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова