2023 жылғы шілде адамзат тарихындағы "ең ыстық ай" болды. Бұл туралы Лейпциг ғалымдары мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Лейпциг университетінің климатологы Карстен Хауштайн жүргізген талдау осы айдағы орташа жаһандық температураның өнеркәсіпке дейінгі деңгейден Цельсий бойынша 1,5 градусқа асып кеткенін көрсетті.
Бұған дейінгі рекорд 2019 жылғы шілдеде тіркелген. Ол кезде ғаламдық орташа температура қазіргіден 0,2 градусқа төмен болды.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай өзгерістерге қазба отындарды жағу және адамның басқа да әрекеттері себеп болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!