- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2023 жылғы ең...
2023 жылғы ең төменгі жалақы, зейнетақы және АЕК мөлшері белгілі болды
Қаржы министрлігі "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" ресми порталында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жобаға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- жалақының ең төменгі мөлшері - 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 21 907 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 53 076 теңге;
- Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 3 450 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 40 567 теңге.
Бұдан басқа, құжатқа сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат оның мөлшерінің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға артуын ескере отырып белгіленеді.
Сондай-ақ, ӘМСҚ-ға төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызына тең.
Заң жобасы сайтта жария талқылау үшін 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін орналастырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Құлтай