- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2023 жылдың басты...
2023 жылдың басты түсі аталды
Фото:
rappler.com
Pantone Түстер институты 2023 жылғы негізгі түсті жариялады. Ол - 18-1750 нөмірлі таңқурай реңкі. Оның ресми атауы - Viva Magenta (Маджента жасасын), - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап.
"Биылғы түс күш пен шабыт сыйлайды. Бұл адамды қуаныш пен эксперимент арқылы ашатын жаңа анимациялық қызыл, электрленетін шексіз реңк" , - делінген хабарламада.
Pantone Түстер институтының директоры Лэтрис Эйшманның айтуынша, бұл түс өмірге деген құштарлықты білдіреді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек