- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2023 жылдан бастап...
2023 жылдан бастап шенеуніктердің мобильді аударымдары қалай тексеріледі?
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Данияр Жаналинов азаматтардың мобильді аударымдарын тексеру қалай жұмыс істейтінін және 2023 жылдан бастап салық органдарына аударымдар туралы қандай ақпарат түсе бастайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз мобильді аударымдар туралы ақпаратты заңнамада белгіленген нормаларға сәйкес аламыз. Бұл жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдардың бәрі емес. Белгілі бір критерийлер бар - айына 100 және одан да көп аударымдар. Бұл жағдай үш ай қатарынан қайталануы керек. Сонда бұл ақпарат бізге келе бастайды. Бұл шарттарсыз аударымдар туралы ақпарат ешқандай жолмен алынбайды", - деді Жаналинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер сұрағына жауап беріп.
Ақпарат кезең-кезеңімен түсе бастайды.
"Бірінші кезең, 2023 жылдан бастап – мемлекеттік қызметші саналатын жеке тұлғаларға қатысты, оларға теңестірілген және олардың жұбайына немесе жұбайларына қатысты. Екінші кезең, 2024 жылдан бастап, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері. Ал үшінші кезең, 2024 жылдан бастап – жеке кәсіпкерлер. Соңғы кезең 2025 жылы аяқталады - аударымдарды жүзеге асыратын барлық азамат үшін. Мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс 2023 жылы басталатындықтан, бұл ақпарат әлі жоқ", - деп түсіндірді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек