2022 жылы қыркүйекте ШҚО-да жоғалып кеткен 33 жастағы ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер тобы әлеуметтік желіде хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1989 жылы туған Артур Акопджанян 2022 жылдың 4 тамызында Бұқтырмаға жұмыс істеп, ақша табу үшін кеткен. 4 қыркүйекте ер адамды учаскелік полицей ұстап, артынша жіберген.
Әлеуметтік желідегі жазбаға Желі қолданушылары түрлі болжам жазған.
"Ұсталып, сосын жібергеннен кейін жоғалып кеткені біртүрлі, учаскелік полицейден жауап алу керек"
"Қалай қаза болған?"
"Біртүрлі оқиға, бір нәрсе дұрыс емес", - дейді Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!