- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2022 жылы Қазақстанда...
2022 жылы Қазақстанда қандай өнімдердің бағасы қымбаттады?
Data Hub 2022 жылы Қазақстанда қай өнімдердің қымбаттағанын сараптады. Үздік үштікке – қант, кептірілген өрік және қияр енген.
"Азық-түлік тауарлары басқаларға қарағанда бірден 25,3%-ға қымбаттады. Қант қымбаттаған өнімдер арасында бірінші орында. Оны бағасы бір жылда 64,9%-ға өсті. Одан кейін кептірілген өрік, оның құны да 64,9%-ға өсті. Қияр (+47,9%) жылдағы бағаның өсуі бойынша үшінші орында», - деп хабарлайды сарапшылар.
Азық-түлік тауарларының 13 түріне бағаның 40%-дан астам қымбаттауы байқалды, олардың төртеуі әлеуметтік маңызы бар – ұн, пияз, макарон және қант.
Азық-түлік емес тауарлар да бір жылда айтарлықтай өсті – 19,4%. Алдымен жуғыш және тазалағыш заттар (+47,8%) және жеке күтім құралдары (+38,5%) көш бастап тұр.
Одан бөлек мындай өнімдер қымбаттады:
кір сабын – 87,6%:
кір жуу ұнтағы – 41,3%;
ыдыс жууға арналған жуғыш заттар – 50,3%;
балалар сабыны – 53,1%;
сусабын - 41,2%;
Иіс сабын – 51,3%.
"Кеңсе тауарларының бағасы да айтарлықтай өсті: қазір олардың құны бір жыл бұрынғыдан 70,3%-ға қымбаттады. Тамыз айы әсіресе бағаны өсуі айтарлықтай болды. Оқу жылының басталуына дейін баға белгілері 48,4%-ға өсті (салыстыру үшін: 2021 жылдың тамызында өсім небәрі 3,9%-ды құрады)», - деп хабарлайды Бірінші несиелік бюро.
2022 жылдың соңында ақылы қызметтер 14,1%-ға қымбаттады. Көш басында – ресейліктердің көптеп келуіне байланысты жалға берілетін баспана. Екінші орында жерлеу қызметі (+25,3%), тамақтандыру қызметі үшінші орында (+25,2%). Азық-түлік бағасының өсуі аясында мейрамханалар баға белгілерін 20,2%-ға, асханалар 27,9%-ға, ал фаст-фудтар 20,9%-ға көтерді.
Т. Раушанұлы