2022 жылы бітуі тиіс еді. 30 мыңға жуық тұрғыны бар ауданның мектебі жоқ

2022 жылы бітуі тиіс еді. 30 мыңға жуық тұрғыны бар ауданның мектебі жоқ

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде отыз мыңға жуық адам тұрады. Тұрғындар санының үштен бір бөлігі - мектеп жасындағы балалар. Алайда, кешенде бірде-бір білім ордасы жоқ. Massaget.kz тілшісі тұрғын үй кешеніне барып, мектеп жайын біліп қайтты.

Қазір балалар қайда оқып жүр?

"Асыл Арман" кешені тұрғындарының cөзінше, балалар Қарасай ауданында орналасқан басқа ауылдарға барып, білім алып жатыр. Тіпті Кемертоған орта мектебінде оқитындар үш ауысыммен оқитындарын айтты. Соңғы ауысымда оқитын оқушылар кешкі 19.30 шамасында үйіне қайтады. Сондықтан қыс мезгілінде балалар үйіне тастай қараңғыда қайтуға мәжбүр. Бір ауданның халқы тұратын кешенде мектептің жоқтығынан, Кемертоған ауылының мектебі үш ауысымда оқытуға мәжбүр. Сондықтан үш ауысымдағы оқушылардың білім сапасына тұрғындар да алаңдаулы.  

"Бізде мектеп жоқ. Салынып жатқан мектептің құрылысы жай жүруде. Балалар Кемертоған, Іргелі секілді ауылдарға барып оқиды", - дейді кешен тұрғыны Мұратхан Қауымбек.

"Асыл Арманда" мектеп қашан пайда болады?

 Биыл мектеп құрылысында қозғалыс байқалады. Нысан құжатына зер салсақ, 2022 жылдың 30 желтоқсан күні салынып бітуі тиіс еді. Алайда оқушылардың қысылып, қымтырылып оқып жатқанына қарамастан, мектеп құрылысы өткен жылы бітпеген. 

Алайда, мектеп құрылысының әзір бітетін түрі көрінбейді.

Демек, балалар әлі біразға дейін басқа ауылдарда оқуға мәжбүр.

 

Жұмабек Мотанов

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина