2022 жылдың қорытындысымен "Үздік салық төлеушілер" мен "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушылары" марапатталды

2022 жылдың қорытындысымен "Үздік салық төлеушілер" мен "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушылары" марапатталды

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - теңге күніне орай Мемлекеттік кірістер комитетінде 2022 жылдың қорытындысымен "Үздік салық төлеуші" және "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы" номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімін ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ашты.

"Сіздер экономиканы дамытуға үлес қосып, жұмыс орындарын ашып, қоғамымызда тұрақтылықты орнатудасыздар. Сіздердің компанияларыңыз даму мен өркендеудің қозғалтқышы болып табылады.

Елдегі жүздеген мың салық төлеушілердің арасынан Үздік болып таңдалу – табысты бизнеске апаратын қиын жолдың дәлелі. Бұл тек қаржылық жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар фискалдық жүйені терең түсінуді, үздіксіз білім алуды және өзгермелі 2022 жылдың қорытындысымен "Үздік салық төлеушілер" мен "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушылары" марапатталды нормаларға бейімделуді талап етеді. Еңбекқорлық пен адалдықтың арқасында сіздер ең үздік салық төлеуші мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушы атандыңыздар" - деп атап өтті Е.Біржанов.

Барлығы 20 номинация белгіленді.

Экономиканың әртүрлі салаларында табысты жұмыс істейтін адал салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жетістіктерін, бизнесті адал, ашық және  жүргізіп отырғанына мақтау айтылып, Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінде кәсіпкерліктің дамуының маңыздылығы атап өтілді.

Конкурс жеңімпаздарын іріктеу ақпараттық жүйелерде және басқа да ашық ақпарат көздерінде бар деректерді талдау негізінде жүзеге асырылды. Төлем тәртібі, фискалдық мониторинг аясында шағымдардың болмауы, сала бойынша салық жүктемесінің коэффициенті және басқа да қаржылық көрсеткіштер бірінші кезекте ескерілді. Сондай-ақ, салық төлеушілердің әлеуметтік жобалары, өз аймағының азаматтарын жұмыс орындарымен қамтамасыз етуі маңызды болды.

Өйткені уақытылы төленген салықтардың арқасында мектептер, балабақшалар, ауруханалар, инфрақұрылымдар салынып, жәрдемақылар мен зейнетақылар төленіп, заңдылық пен тәртіп қамтамасыз етілді, барлық периметрлер бойынша шекара қорғалуда, азаматтардың өмірінің түрлі салалары дамып келеді.

Жеңімпаздарға номинациялар мен алғыс хаттарды мемлекеттік органдардың, күштік құрылымдардың, өртке қарсы қызметтің өкілдері, ардагерлер, елімізге еңбегі сіңген медицина, білім беру, мәдениет, медиа және өнер қайраткерлері табыстады.

Massaget.kz