Қаржы министрлігі "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын дайындады. Мұнда 2021 жылғы ең төмен жалақы, айлық есептік көрсеткіш (АЕК), базалық зейнетақы мөлшері мен күнкөріс минимумы жарияланған.
Келесі жылы ең төменгі жалақы көлемі өзгеріссіз қалады – 42 500 теңге. Ал АЕК-ті 2 917 теңгеге дейін көбейтпек. Қазір оның сомасы – 2 778 теңге. Ол жәрдемақы, әлеуметтік төлем, салық пен айыппұлды есептеу үшін қолданылады. Сонымен бірге күнкөріс минимумы 32 668 мыңнан 34 302 мың теңгеге өседі.
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 18 524 теңге болады. Қазіргі мөлшері – 17 641 теңге. Ал зейнетақының ең төменгі мөлшері 40 441 теңгеден 43 272 теңгеге өседі.