2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі түркиялық әріптестерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында 2021 жылдан бері іздеуде жүрген 46 жастағы Қазақстан азаматын Анталия қаласында ұстады.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірге әрекет етіп, сенімге кіріп, еліміздің 1300-ден аса азаматының 6 миллиард теңгеден аса қаражатын иемденген.
Іздеуде жүрген әйел 26 маусымда Түркия Республикасынан Қазақстан Республикасына депортацияланды.
Айта кетейік, жыл басынан бері алаяқтық жасаған 117 адам ұсталған. Олардың келтірген жалпы материалдық шығыны 17 миллиард теңгеден асады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!