- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2019 жылы қазақстандықтар...
2019 жылы қазақстандықтар неше күн демалады?
Қазақстан мерекесі һәм демалысы көп елдер қатарында. Биылғы күнтізбе бойынша қазақстандықтар 119 күн демалады.
Ең көп демалатын күндер - наурыз айында. Бұл айда екі бірдей мереке бар. Бірі - Халықаралық әйелдер күні болса, екіншісі - Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы. Сенбі мен жексенбі күндерін қосқанда наурызда қазақстандықтар 14 күн тынығады. Одан кейін демалысы көп ай - желтоқсан. Жыл соңында отандастарымызды 12 демалыс күні күтіп тұр.
Мамыр мен қаңтар айларында ел тұрғындары - 11 күн, маусым мен тамызда - 10 күннен, шілде, қыркүйек және қарашада - 9 күннен, ақпан, сәуір және қазанда - 8 күннен демалады.
ҚР "Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып саналады.
Н. Үсенова