Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың 2019 жылы құжат жасатуға қанша ақша жұмсайтынын анықтады.
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мәліметінше, 2019 жылы АЕК өзгергеніне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерген:
жеке куәлік - 505 теңге;
паспорт - 20 200 теңге;
Айта кетейік, Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында паспортты бір жұмыс күні ішінде 5135 теңгеге жасатуға тапсырыс беруге болады, ал үш жұмыс күні ішінде жасатуға 2905 теңге төлейсіз.
- жүргізуші куәлігі - 3150 теңге;
- көлік құралын тіркеу туралы куәлік - 3157 теңге;
- туу туралы куәлікті қайта жасату - 2525 теңге;
- неке қию туралы куәлікті қайта жасату - 2525 теңге
Сонымен қатар, "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлері ХҚКО-лар мен Арнайы ХҚКО-ларда құжат рәсімдеуге банк комиссиялары да барын ескертеді.