Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Қазақстан халқына арналған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Сөз соңынан Елбасы келер жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынды. - Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатыныңауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы. Елбасы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін баса айтты.Сондай-ақ Ауыл - ел бесігі жобасының басталғанын жариялады.