Алматы қаласы бойынша жаңа бағыттағы автобустар таңғы сағат 6-дан түнгі 23.00-ге дейін әр6 минут сайын қатынайды. Оларкондиционерлермен, видеобақылаумен, пандустармен жабдықталған. Төрт есіктің әрқайсысының жанына Оңай терминалы орнатылған. Бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта ашылды. Жалпы, Алматыда 2017 жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус сатып алуға қаржы бөлінді. Олардың 185-і өткен жылдың аяғында жолға шығып, қалған 203-і биылғы жылдың басында іске қосылады. baribar.kz