- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2017 жылы жоғалып...
2017 жылы жоғалып кеткен қытайлық миллиардер 13 жылға сотталды
Жұма, 19 тамызда Шанхай соты бес жыл бұрын жоғалып кеткен кәсіпкер Сяо Цзяньхуаға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап.
Миллиардерге қаражатты ысырап ету және пайдалану, пара алу және алдау дерегі бойынша айып тағылып, кінәлі деп танылған. Бір кездері Қытайдың ең бай адамдарының бірі саналған кәсіпкер 13 жыл түрмеде отырады, ал оның Tomorrow Holdings компаниясы 55 миллиард юань (8,1 миллиард доллар) айыппұл төлейді.
Сяо Цзяньхуаны соңғы рет Гонконгта 2017 жылы Four Seasons қонақүйінде көрген. Кейін ол жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, кәсіпкер жоғалып кеткен күні оның бөлмесіне бірнеше адам кірген. Олар кәсіпкерді мүгедектер арбасына отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.
Биллеуші элитаға жақын Сяо Цзяньхуаның жоғалып кетуі Қытай төрағасы Си Цзиньпин бастаған жемқорлықпен күреске байланысты болуы мүмкін деген болжам жасалды. The New York Times газеті Сяо мырзаны "басқарушы таптың банкирі" деп атады.
Биыл шілдеде Қытайдағы Канада елшілігі Канада азаматтығы бар Сяо мырзаның сотқа тартылғанын хабарлады, бірақ кәсіпкерге қандай айып тағылғаны және соттың қайда өтіп жатқаны айтылмады.
2017 жылдан бастап соттың бүгінгі мәлімдемесіне дейін Қытай билігі "Сяо Цзяньхуа ісіне" қатысты ешқандай түсініктеме бермеді, ал оның туыстары Коммунистік партия мен Қытай үкіметіне адалдығын білдіретін мәлімдемелер жасаған.
Д. Шәріпхан