2017 жылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы жобаларға 27 млрд теңге қаражат бөлінді

2017 жылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы жобаларға 27 млрд теңге қаражат бөлінді
Фото: Massaget.kz

20 сәуірде ҚР Парламенті Сенатында ҚР АШМ және «ҚазАгро» ұлттық холдингінің өкілдерінің қатысуымен Аграрлық мәселелер, табиғатты қорғау және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитеттің кездесуі өтті, онда республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері талқыланды. Аграрлық саладағы жүргізілген жұмыс туралы ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов баяндады, деп хабарлайды BNews.kz. .

«ҚазАгро» холдингінің қызметінің нәтижелері мен жоспарлары туралы ақпарат

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

2016 жылдың қорытындысы бойынша Холдинг оң қаржылылық нәтижеге қол жеткізді – 23,5 млрд. теңге көлемінде (бастапқы шоғырландырылған). Алынған кіріс қаражаты агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) қаржыландыруға және көрсетілетін қызметке қол жетімділікті арттыруға бағытталады.

Саланы қаржыландырудың негізгі бағдарламалары бойынша 2%-ға өсім байқалады.

Холдингтің секторларды қаржыландырудағы үлесінің көп бөлігі көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыруға, ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға, шағын несиелеу және мал шаруашылығын қаржыландыруға тиесілі.

2016 жылғы Холдингтің агросекторды несиелеу көлемінің 89%-ы шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне тиесілі.

Шағын несиелеу нарығындағы Холдингтің үлесі 94%-ды құрады, ауылшаруашылық техникаларының лизингіндегі үлесі – 72%.

Осылайша, Холдинг саланы дамытуға тікелей маңызды ықпалын тигізеді.

2016 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру

2016 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге Холдингпен шамамен 115 млрд теңге бөлді, оның ішінде қысқа мерзімді бюджеттік несие қаражаты 60 млрд теңгені құрады. Шамамен 7 млн га егістік алаңдары қамтылды, 42 млрдтеңге сомасында 2 мыңға жуық техника лизингке берілді. Ағымдағы жылы қарыз алушыларды көптеп қамту арқылы салыстырмалы қаржыландыру көлемі күтіледі.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру

Холдингтің инвестициялық қоржынында құны 331 млрд теңгенің 530 жобасы бар. 2016 жылы 41,8 млрд теңгенің 57 жобасы пайдалануға берілді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Холдинг қаржыландырған инвестициялық жобалармен 196,4 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.

Қаржыландырылған кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі 1 жұмыскерге 4 270 мың/теңгені құрады немесе ол орташа салалық көрсеткіштен 4 есеге артық.

АӨК қаржыландыру көздері

Маңызды бюджеттік салымға қарамастан, өткен жылы агроөнеркәсіп кешенін қаржыландырудың негізгі көзі бұрынғыдай Холдингтің жекеменшік қаражаты мен капитал нарықтарынан тартылған қаражат болды, оның үлесі жалпы қаржыландырудың 65 %-ын құрады ( 2015 жылы тиісінше 72%-ды құрады).

Агроөнеркәсіп кешеніне бағытталған бюджеттік қаражаттың әрбір 1 теңгесіне Холдингтің меншікті және тартылған қаражатының 2 теңгесі сәйкес келеді.

Өндірістік көрсеткіштер

Холдингпен 17 мыңнан астам несие берілді және 1,5 мың форвардтық шарт жасалды, көптеген жаңа жұмыс орындары құрылып 35 мың адам жұмыспен қамтылды.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтары жағдайында несие қоржыны 562 млрд теңгені құрады, немесе ол өткен жылғы көрсеткіштен 15%-ға жоғары 53 мың қарыз алушы Холдингтің клиенттері болып табылады.

Холдингті қайта ұйымдастыру және атқаратын қызметін оңтайландыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы Холдингтерді қайта құру туралы міндеттерін орындау мақсатында, ҚазАгро мынадай жұмыстар жүргізуде:

- іске асырылатын функцияларын және АӨК субъектілерін қолдау бағдарламаларын оңтайландыру;

- Жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде 3 еншілес және 16 тәуелді ұйымдарын бәсекелес ортаға беру бойынша.

2017-2021 жылдарға арналған АӨК мемлекеттік бағдарламасы

Іске асырылатын функцияларын және АӨК субъектілерін қолдау бағдарламаларын қайта қарастыру АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Іске асырылатын функцияларын және АӨК субъектілерін қолдау бағдарламаларын қайта қарастыру АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін есепке ала отырып жүзеге асырылады, олар:

• Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын тиімді пайдалану

• Шағын және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық кооперациясына тарту

• Ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту

• Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің (АШТӨ) техникамен және химияландыру құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілу деңгейін жоғарылату

Мемлекеттік бағдарламаның 8 міндетінің жоғарыда аталған 4-уі Холдингтің қатысуымен іске асырылады:

- ауылшаруашылық кооперативтерін несиелеу;

- ішкі және сыртқы нарықтарда талап етілетін өнімдерді өндіру үшін АШТӨ қаржыландыру;

- АӨК экспорттық орталығы арқылы ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын дамыту;

- бюджеттен тыс қаражат тарту жәнежеке қаржы институттарын ауыл халқын несиелеуге тарту;

- отандық машина жасау саласын қолдау және лизинг компанияларын қорландыру.

Еншілес компаниялардың функциялары қайта қаралып, кеңейтіледі:

• Аграрлық несие корпорациясы немістің ауылшаруашылық Рентенбанкісінің тәжірибесі бойынша жеке қаржы институттарын секторларды қаржыландыруға тартуға топтасады. Осы ретте, жұмыс қарыз алушылардың барлық топтары үшін ауылда қаржы институттарын дамытуға бағдарланатын болады. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шағын фермерлер үшін шағын несие ұйымдарын ашу және дамыту, шағын бизнес үшін Несие серіктестіктері жүйелерін әрі қарай институционалдық дамыту. Ауылшаруашылық техникасының паркін жаңарту мақсатында жеке лизинг компанияларын қорландыру. Банктер тарапынан қоса қаржыландыру жағдайында АӨК ірі индустриялық жобаларын қаржыландыру үшін банктерді қорландыру.

• Қазагрокепіл бауылшаруашылық тауар өндірушілерінің шағын несие ұйымдары мен Несие серіктестіктерінің алдындағы қарыздарын кепілдендіру арқылы ауылдағы шағын несиелеу жүйесін дамытуға көмек көрсетеді. Сонымен бірге, Қазагрокепіл өсімдік шаруашылығында және мал шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін дамытуға қызметін топтастырады.

• Ауыл шаруашылығын қаржылай қолау қоры АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың операторы ретінде өз қызметін ауыл тұрғындарын шағын несиелеуге және ауылшаруашылық кооперацияларын дамытуға жұмылдырады.

• Қолданыстағы тікелей инвестициялардың Қорына қатыса отырып және жаңа қорлар құру арқылы Холдинг жеке отандық және шетелдік инвесторлардың қаражаттарын АӨК секторындағы жобаларды қаржыландыру үшінтартатын болады.

Осы қайта өзгертулер:

• Несиелеу арналарын кеңейтеді және қаржыландыруға қолжетімділікті арттырады

• АШТӨ үшін қаржы қызметтерінің сапасын бәсекелестікті дамыту арқылы жақсартады

• Банктер мен инвесторлардың қаражаттарын АӨК секторын қаржыландыруға тартуға ықпалын тигізеді

Жоспарланған ықшам құрылым

Өзгертулер нәтижесінде Холдингтің құрылымы ықшамдалады, оған ҚазАгроның 4 еншілес компаниясы және Азық-түлік корпорациясы үшін қажет азық-түлік астығын сақтау және экспорттау бойынша 4 тәуелді ұйым кіреді.

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ АӨК экспорттық орталығы сапасындағы қызметі

Ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын дамыту міндеттері «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ агроөнеркәсіп кешеніндегі Экспорттық орталыққа қайта бағдарлау жолымен шешілетін болады, ол «Kazakh Export» АҚ, сондай-ақ шетелдегі ҚР дипломатиялық өкілдіктерімен өзара тығыз қарым-қатынас жасасу арқылы жұмыс істейтін болады.

АӨК экспорттық дамытудың мамандандырылған институтын құру, «шатырлы» брендтерді жылжытуды қосаалғандағы ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты біршама күшейтуге ықпалын тигізеді, өткізу нарықтарын кеңейту арқылы ауылшаруашылық өндірісін әртараптандыруды қосымша ынталандырады, АӨК өнімдері экспортының тауарлық номенклатурасының түрлерін көбейтуге ықпал етеді.

Орталық мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

1) сыртқы нарықтарды талдау және перспективалық елдер үшін өнімдерді жылжытудың жол карталарын құрастырады;

2) Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерін форвардтық сатып алуды және ірі экспорттық партияларды қалыптастыруды жүзеге асырады;

3) сыртқы нарықта талап етілетін ауылшаруашылық өнімдерін өткізудің экспорттық каналдарын құрады;

4) Ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің экспорттық келісім-шарттарын кепілдендіруге және сақтандыруға көмек көрсетеді;

5) «KZ ORGANIC FOOD» қоса алғандағы шатырлы брендтерді жылжытуды жүзеге асырады;

6) өнімдердің экспорты бойынша консультациялық қызмет, соның ішінде келісім-шарттарды жасауға көмек көрсетеді.

2017 жылдағы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру

Осы жылдан бастап көктемгі-егіс жұмыстары бағдарламасы бойынша қаржыландыру механизмінің өзгергені өздеріңізге белгілі. Бұдан басқа, 11 басым дақылдар тізімі анықталды, бұл: май дақылдары (күнбағыс, рапс, зығыр, соя) және арпа, қант қызылшасы, күріш, астық жүгерісі, мақта, сұлы, картоп, оларды қаржыландыру бірінші кезекте жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта АШТӨ өтінімдері бойынша егістік алаңдарының жоспары шамамен 3 млн гектарды құрады, басым дақылдар бойынша бізге 774 мың гектарды қамтамасыз етуіміз қажет.

Кеңінен таралған дақылдар рапс, зығыр, соя, арпа, күріш және картоп. Ауыл шаруашылығы министрлігінің аталған дақылдар бойынша қамту жоспары бүгінгі күні асыра орындалды. Сонымен бірге, кейбір дақылдар бойынша (күнбағыс, қант қызылшасы, астық жүгерісі және мақта) жоспарға қол жеткізілген жоқ.

2016 жылы ӘКК кепілдігімен АШТӨ ағымдағы қамту туралы ақпарат

Ағымдағы жылы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) кепілдендіру механизмінен алып тасталғанын есепке ала отырып, 2016 жылы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын (КЕжЖЖ) несиелеудің қолданыстағы механизмдері шеңберінде ӘКК кепілдігімен қаржыландыру алған ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тарту бойынша жұмыс жүргізілді.

Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру

Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағынышты болуына қатысы жоқ) және шағын қалаларда шағын несиелер қарыз алушыларға тікелей және шағын қаржы ұйымдары мен несие серіктестіктерін қорландыру арқылы беріледі.

2017 жылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы жобаларды қорландыруға республикалық бюджеттен 27 млрд теңге қаражат қарастырылды.

Қаржыландыру мыналарға: жанұялық бордақылау алаңдарына, сүт қабылдау пункттеріне (АШК), жүн жинау пункттерін құруға, ауыл шаруашылығынан тыс бизнес түріне, және басқа бағыттарға (ауылдық кәсіпкерлерді несиелеу) беріледі.

Тұрғындарды қарыз қаражатымен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында шағын несиелерді кепілдендіру жүйесі енгізілді. Кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік көлемі шағын несие құнының 85%-на дейінгіні, жұмыс істейтіндер үшін – 50%-ға дейінгіні құрайды. Мемлекет тарапынан ауылдық жерлерде «Қазагрокепіл» АҚ кепілгер болады.

Осы ретте, тауар өндірушілерге «Қазагрокепілдің» офисіне барудың қажеті болмайды, кепілдік алу үшін өтінім несиелеуге құжаттарды өткізу кезінде ресімделеді және артық шығынды қажет етпейді.

Дереккөз: Bnews.kz

Р. Роза