- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2017 жылы Астананың...
2017 жылы Астананың өз бренді пайда болады
Астана қаласының әкімдігінде өткен брифингте Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев атап өткендей, Қазақстанның барлық аймағында жеке құрылым құру бойынша туризм басқармасы ұйымдарына Астана қаласының тәжірибесі таратылуы тиіс. Оның қызметіне қаланы туристификациялау, турөнімдер дайындау және қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жататын болады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамасы Астана қаласында туризм саласын дамыту бойынша ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу есебінен Мастер-жоспар негізінде қабылданды. Мұны Министрліктің тапсырысы бойынша халықаралық Horwath HTL консалтингтік агенттігі әзірледі.
Мастер-жоспардың ұсынысы бойынша 2015 жылы қала әкімдігінің қаулысымен «Астана Конвешн Бюро» ЖШС құрылды. Бұл үйлестіру мен іс-шараларды ұйымдастыру арқылы қалада туризмді дамытуға мүмкіндік беретін біріңғай орталық.
Аталмыш тәжірибе әлемде кең таралған (Австрия, Германия, Канада, АҚШ және т.б.) және жергілікті атқарушы орган мен бизнестің тығыз ынтымақтастықта болуының нәтижесінде сәтті жүзеге асуда.
Марат Игалиев атап өткендей, астана туризмін дамытудың жаңа тұжырымдамасында 2020 жылға дейін Астана үшін іскерлік және мәдени-спорттық туризмнің айтарлықтай перспективалы түрлері айқындалған. 2017 жылы қала брендін таңдау жоспарлануда.
Тұжырымдамада 2020 жылға дейін Астана туризмінің мақсатты көрсеткіштері де айқындалып отыр. Туристердің елордасында болу ұзақтығын орташа 1,7-ден 2,1күнге дейін жеткізу. Ірі халықаралық іс-шаралар санын 11-ден 48-ге дейін көтеру. Туристік сектордағы адам санын 4500-ге дейін жеткізу. 2020 жылы шетелдік туристердің өсімін 275-тен 550 адамға дейін қамтамасыз ету.
Сапалы туристік ағынды ұлғайтудағы 120 мың туристі Халықаралық Астана қаржы орталығы есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қаладағы шараларды дамытуға құйылатын инвестициялар артқан жағдайда MICE-т туристік ағыны Астанада 300 мың адамды құрайды.
Бұдан бөлек, Астана туризмін дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейін қалалық навигацияны дамытуды жалғастыру жоспарлануда (ақпараттық дүңгіршекетер, веб-сайт, мобильдік қосымша, жол сілтеуіштер, карталар). Қызмет көрсету саласының жұмыскерлеріне ағылшын тілін үйрететін оқу орталықтары құрылатын болады. Негізгі міндеттердің арасында саяхаттық-туристік бағыттар мен туристер үшін бағдарламалар әзірлеу, ашық аспан астында фестивальдар өткізу үшін арнайы орындар дайындау, Халықаралық туристік және көрме-конгресс ұйымдарына кіру, ірі халықаралық музей коллекциялары мен уақытша экспозиция үшін көрме кеңістігін құру, медициналық туризмді дамыту бағдарламасын әзірлеу, Астана клиникаларының медициналық қызмет көрсету жұмыстарын ілгерілету мен келуші медициналық туристерге жол көрсету үшін біріңғай туроператор құру сияқты міндеттер бар.
Еске салайық, мастер-жоспар ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде туристердің ағынын арттыру мақсатында ішкі және сыртқы келушілерді тарту үшін оны «локомотив» ретінде пайдалану арқылы 2020 жыл кезеңінде Астана қаласын туристификациялауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қорытынды құжат ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу арқылы туристік индустрияны дамытудың тиімділігін қамтамасыз ететін ұсыныс пен стратегиялық бағыттан тұрады.
Туризм саласын дамыту бойынша Мастер-жоспар ұсынысына сәйкес, Астана ЭКСПО көрмесін өткізуге сапалы дайындалу мақсатында сәйкесінше туризм саласын жаңғыртуы керек. Сонымен қатар, көрме өтетін уақытта тартылатын туристердің ағыны өсімін қамтамасыз ете алатын болуы қажет.
T. Кіршібаев