- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2016 жылдың алғашқы...
2016 жылдың алғашқы тоқсанында теңге 2,8 пайызға әлсіреді
Фото:
azh.kz
2016 жылдың алғашқы тоқсанында теңге 2,8 пайызға әлсіреді, − деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
"2016 жылдың бірінші тоқсанында теңге нақты көрсетуде 2,8 пайызға әлсіреді (нақты тиімді айырбастау бағамы индексінің 34 елдің валюталарына қатысты өзгеруі), ал 2014 жылдың басы - 2016 жылғы наурыз аралығындағы әлсіреу 27,6 пайызды құрады", − делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2016 жылғы бірінші тоқсанда теңгенің Ресей рубліне қатысты (салыстырмалы бағалардың өзгеруіне түзетілген) әлсіреуі 2,5 пайыз, ал 2014 жылдың басынан бастап теңгенің нақты әлсіреуі 4,4 пайыз болғаны хабарланды.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін