- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2016-2019 жылдарға арналған...
2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы қолға алынды
Елімізде адамдардың өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асып, өлім-жітім 15,3 пайызға төмендесе, ана мен бала өлімі 1,8 пайызға кеміген.
Бұл туралы еліміздегі Денсаулық сақтау жүйесін реформалау мәселелері талқыланған форумда мәлім болды. Еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің айтуынша, бұл көрсеткіштер мемлекеттік бағдарламаларды жүйелі жүзеге асырудың нәтижесі. Енді Тамара Дүйсенова бастаған құзырлы орган 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын қолға алды. Жаңа бағдарлама үш бағыттағы жұмыс істейді. Сондай-ақ форум барысында мамандар заңсыз жолмен жеткізілетін дәрілік заттармен күресудің жолын талқылады. Сарапшылардың пікірінше, ұлттық дәрілік формулярды жасау нәтижесінде тұрғындарды сапасы төмен зиянды дәрілерден қорғауға мүмкіндік туды. Оған елімізде тіркеуден өткен дәрі-дәрмектер ғана кіреді.
Лариса Пак, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің комитет төрайымы: - Бүгінгі таңда елімізде ұлттық дәрілік формуляр бар. Жалпы онда 4000-нан астам дәрі-дәрмек түрі енгізілген. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – Ұлыбритания мен Жаңа Зеландия формулярының жетілдірілген нұсқасы. Оның ерекшелігі тұрғындар тізімге кірген препараттардың бағасы мен тиімділігі жөнінде ақпарат алуына болады. Ол үшін көрсетілген сілтеме арқылы сайтқа кірсе болғаны.
Дереккөз: 24.kz