2015 жылы экономиканың қай секторында жалақының айтарлықтай өскені анықталды, − деп хабарлайды Ranking.kz .
Кәсіби, ғылыми және техникалық секторларда жалақы деңгейі айтарлықтай өскен − бір жыл ішінде еңбекақы мөлшері 243,1 мың теңгеге, айына 456,7 мың теңгеге дейін жоғарылады. Екінші орында қосымша білім беру қызметін ұсынатын кәсіпорын жұмысшылары тұр. Бұл секторда өткен жылы жалақы көлемі 282,3 мың теңге болған, ал 2014 жылы 207,5 мың теңге болған екен. Үшінші орынды басқару мәселелері жөнінде кеңес беретін бас компанияларының жұмысшылары алып отыр. Мұндай жұмысшылардың еңбекақысы 198,9 мың теңгеге, яғни ай сайын 630,7 мың теңгеге өскен.
Сонымен қатар 2015 жылдың қорытындысы бойынша орташа жалақының 10 пайызға өскені, яғни 139,5 мың теңгеге жеткені айтылады. "Еліміздегі ірі әрі орташа кәсіпорындар өз жұмысшыларының еңбекақысының бәсекеге қабілетті деңгейін сақтап қалуға тырысып жатыр − жалданған жұмысшылардың айлық жалақысы 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 139,5 мың теңгеге өсті, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 10 пайызға жоғары. Алайда ірі әрі орташа компанияларда жағымсыз экономикалық фонда жалақының өсу көрсеткіші 2014 жылдағы 11,8 пайызға қарағанда баяулаған", − делінген таралған хабарламада.
Дереккөз: tengrinews