- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "2001 жылы 3...
"2001 жылы 3 мың, қазір 4 мың теңге". Дубляж шебері Азамат Қанапия табысы туралы айтты
Театр және кино актері мамандығын тәмамдаған Азамат Қанапия ел арасында алтын дауысымен сақталған. "Сұлтан Сүлейман", "Көліктер" сынды фильмдерді дыбыстаған дубляж шебері қазіргі табысы туралы айтты. Тіпті баға еш өзгермегенін жеткізді. Бұл туралы ол "Ел" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дубляж шебері Азамат Қанапия дауыс жазып беруге арнайы бір қойылған баға жоқ екенін айтты.
"Біздің нарық - жабайы нарық. Қойылған нақты баға жоқ. Бірақ дыбыс саласында көп дубляж актерлері жұмыс істеп, тер төгіп жатыр. Теларналардың басым көпшілігі осы дубляжбен жабады. Дауыс керек болса, тіпті парад жүргіземіз. Бірақ мемлекет бірде-бір мадақтама беріп я болмаса алғыс білдіріп немесе мәдениет қайраткері, ешқандай ештеңе жоқ" , - дейді дубляж шебері.
Актердің айтуынша, сериал, киноға дубляж жасау бағасы әлі күнге өзгеріссіз тұр.
"Ашық айтатын болсам, 2001 жылдары "Асау жүрек" тағы да басқа сериалдар көп болды. 22 жыл бұрын сериалдың бір сериасына 3500 теңге төлейтін. Бір сериал шамамен 45 минут болады. 3500-3700 теңге төленетін. Ал сол кезде бұл ақша көп болатын. Театрды сол жылдары айына 9000 мың теңге айлық алатынмын. Бір айда шамамен 20-30 серия оқысаңыз, әжептәуір ақша болатын. Енді 22 жыл өтті қазір 4000 мың теңге бір сериясы. Одан бері заман инфляцияға ұшырап, театрдағы жалақы 160 мыңға көтерілді, бірақ дубляж сол қалпында" , - дейді Азамат Қанапия.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы