"DOMINO" тобының мүшесі Шолпан Бисенова қазір немен айналысып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шолпан Бисенованың сөзінше, ол жеке әнші ретінде өнер көрсетіп жүргеніне екі жылдай болған.
"Продюсерім жоқ. "DOMINO" тобымен жұмыс істеген кезде продюсермен жұмыс істедік", - дейді әнші.
Оның сөзінше, қазір қолдау білдіретін адамы – күйеуі.
"Күйеуім екеуіміздің екі ұлымыз бар. Үлкені Дінмұхамед, кішісі – Ален. Мен қатал анамын. (...) Жалпы алдағы жылдарға жоспар көп. Осы жылы бәрін дүркіретемін деп ойлап отырмын. Қазір жаңа ән іздеп жүрмін. Мақсат көп", - дейді Шолпан Бисенова.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!