Номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы өтініштерге байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын еске салады. Бұл банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nationalbank.kz сайтына сілтеме жасап.
Номиналы 200 теңгелік банкнота Номиналы 200 теңгелік монета
Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ұлттық Банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын атап өтеміз. Айналымдағы 200 теңгелік банкоталар заңды күшін жойған жоқ, әрі табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады. Қосымша сұрақтар туындаса, 1477 нөмірі арқылы Ұлттық Банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!