Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдарын заңдастыру кезінде 200 000 теңге мөлшеріндегі бастапқы тіркеу алымын қандай көлік иелері төлей алынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ, көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдерін, қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №13 қаулысы М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы, оң жақтағы рольмен басқарылатын көлік құралдарына қатысты қолданылады", - делінген хабарламада.
Бұл санатқа мыналар жатады:
"Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын көлік құралдарды тіркеген кезде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін 200 000 теңге мөлшеріндегі алым алынады.
Қаулыда көрсетілмеген санаттарға жататын көлік құралдарын алғашқы тіркеуден өту барысында, Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағында бекітілген көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ставкалары бойынша алым төленеді", - делінген МКК мәліметінде.
Қазақстан Республикасына 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарын легализациялау үшін негізгі орындалуға тиіс шарттардың бірі - осындай автокөліктердің кеден тазартудан өтуі екені белгілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!