Помпейдегі қазба жұмыстары кезінде археологтар 200 мың жыл ашылмаған шкафты тапты, - деп хабарлайды Euronews.
Ас үй шкафы 2018 жылдан бері қазба жұмыстары жүргізіліп келе жатқан үйден табылған. Кейбір құралдар жақсы сақталған. Мұның бәрін үй иелері біздің заманымызға дейінгі 79 жылы Везувий жанартауы оянғаннан кейін қашқан кезде қалдырып кеткен.
"Мына жерде шкаф, ағаш есіктері. Шкафта бірнеше сөре болған, жанартау атқылаған кезде олар қираған. Ішінен әйнек ыдыстар табылды, сонымен қатар, керамика ваза табылды", - дейді археологиялық парк директоры Габриэль Цухтригель.
Басқа бөлмелерден де қызық дүниелер табылған: үстел, үлкен сандық, бірнеше жағылған балауыз тақтайшасы.