- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 200 мың гектар....
200 мың гектар. Қызылордада бос жер қайтарылып жатыр
Бос жатқан жайылымдық жер ауыл тұрғындарының игілігіне қайтарылуы тиіс. Қызылорда облысы бойынша биыл меженің тең жарымына жуығы орындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірде "Amanat" партиясы жанындағы республикалық "Жер аманаты" комиссиясының көшпелі отырысы өткен еді. Сонда айтылғандай, осы жылы облыстағы заңсыз немесе пайдаланылмай жатқан 200 мың гектар аумақ мемлекет меншігіне қайтарылуы керек. Жаз басталды. Әзірге жоспардың 45,5 проценті орындалып отыр. Былтыр көлемі 157 мың гектар болатын 256 жер телімі кері алынды.
"Заңға "қоғамдық жайылым" ұғымын енгізіп отырмыз. Бос жатқан жер ақпараттық базада осылай көрсетіледі. Әкімдік оны басқа біреуге бере алмайды. Конкурссыз жер беру мәселесін тоқтатуға жұмыс жасап жатырмыз", - деді комиссия төрағасының орынбасары Базарбек Бақытжан.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы