- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 200 мың доллар...
200 мың доллар талап еткен. Қарағандыда Үндістан азаматын ұрлап әкеткендер ұсталды
Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды полициясына 27 жастағы Үндістан азаматын белгісіз біреулер күштеп көлікке отырғызып, Астанаға алып кеткені туралы арыз түскен. Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, босату үшін 200 мың доллар талап еткен.
"Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, Астанадағы жалдамалы пәтерлердің бірінен бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен 26 мен 34 жастағы төрт өзбекстандықты ұстады. Қазір адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптары бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек