Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы элеватордың кептіру бөлімінде өрт шықты. Кептіргіште шамамен 20 тонна астық болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрттің ауданы - 120 шаршы метр.
Элеватордағы өрт сағат 12:30-да сөндірілді.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 90-ға жуық адам, 12 бірліктен астам техника, ҚТЖ 1 өрт сөндіру поезы, ТЖД және "Васкен" ЖШС қатысты.
Өрт ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамағаннан және технологиялық процесті бұзылғанынан болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!