- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 20 тамызда еліміздің...
20 тамызда еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады
Синоптиктер ертең, 20 тамызда еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады, дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Астанада күндіз нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Павлодар облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы бойынша 35 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан