Бірнеше мәрте "Алтын домбыра" иегері атанған Мұхтар Ниязов жазба ақындардың айтыскерлерге қатысты "20 минутта бір машина алады" деген сынына жауап берді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, орынды сынды қабылдайды. Алайда кез келген дүние еңбекті талап етеді.
"Ойдың тартысынан гөрі дүнияуи тартыс, пенделік әсерлер басымырақ. Әлбетте, олардың сынының негізі бар. Кейде шынымен де оқымайтын, шынымен де дүниетанымы таяздау ақындар шығып кетіп, сол арқылы бір құмалақ бір қарын майды шірітіп жататын кездер болады. Жан-жағынан келтіріп айтылған сын болса, қабылдаймын. "20 минутта машина алып кетеді" деген сынды қабылдай алмаймын. Өйткені сол күні түнде қонып көр. Баяғыда бізбен айтысқан әншілер де болды ғой. Айгүл Иманбаевамен айтысқа шықты. Шынайы айтыс емес. Көбін өзім дайындап бердім. Жаттайтын кезде Айекең де "бір түнде не деген азап" деді. Қазақтың бір өнері ғой, ешкім үйіне шелектеп тасып жатқан жоқ", - деді айтыскер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!