- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- блогер туған күні
“20 миллиондық торт“. Блогер Дархан жұбайының тойына қанша ақша кеткенін айтты
Әлеуметтік желіде блогер Дариға Нұркееваның туған күніндегі торттың бағасы талқыға түсті. Жұбайы Дархан Жолшыбеков желіде торттың бағасы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дархан Жолшыбеков Instagram-парақшасындағы сторисінде торттың бағасы 20 миллион тұрады деп шулағандарға таңғалғанын жеткізді.
"Мына торт 20 миллион тұрады деп жүр ғой бәрі. Кім шығарғанын білмеймін. Бірақ біз айтқан жоқпыз. Бұл торт 20 миллион теңге тұрмайды", - деді ол.
View this post on Instagram
White party стилінде өткен туған күн блогерлер арасында "жыл туған күні" деп аталды. Блогердің жаңа жасын атап өтуге танымал стендап-комик және актер Нұрлан Сабуров та шақыртылды. Дархан Жолшыбеков Revue.News-ке берген сұхбатында туған күнге қанша қаражат жұмсалғанын және Сабуровқа қанша қаламақы төлегенін айтты.
"Мүмкіншілік болып жатса әйеліңнің туған күнін жасап беру ер азаматтың парызы деп санаймын. Тойға жалпы 60 миллион теңге кетті. Сабуровқа қанша төлегенім жайлы ол кісі айтпауымды өтінді. Жобалап айтар болсам, шамамен осы тойға кеткен шығынның жартысына жуығы сол кісінің қаламақысы", - деді Жолшыбеков.
Еске салайық, бұған дейін Дархан Жолшыбеков жарына 150 миллион теңгеге көлік сыйлаған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Литпин