- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 20 миллион теңге...
20 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Шымкентте 20 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, "Қорғау" қосымшасы арқылы миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізуші анықталған.
Қала көшелерін патрульдеу кезінде инспекторлар берешегі бар көлік иесін тоқтатқан. Тәртіп сақшылары заңбұзушы тізгіндеген Hyundai Tucson көлігін анықтаған.
Жүргізушіге төлемдер туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қойылды. Қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін автокөлігін қайта ала алады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова