20 миллион теңге. Француздар метеориттен сөмке жасап шығарды

20 миллион теңге. Француздар метеориттен сөмке жасап шығарды
Фото: coperni.com

Француздың Coperni компаниясы Жерге құлаған метеориттерден жасалған сөмкелердің шектеулі сериясын шығарды. Мұндай өнімнің құны 40 мың еуродан (20 миллион теңге) басталады.

Оны жасаушылар сөмкені "археология, дизайн, классикалық және қарабайыр өнерді нәзік біріктіретін бірегей зат" деп сипаттайды. Бренд өкілдерінің айтуынша, әрбір сөмке қолөнер туындысы.

coperni.com

Белла Хадидті сахнаға жалаңаш шығарып, оның үстіне "сұйық көйлек" шашып, Boston Dynamics роботтарын подиумда көрсеткен Коперни сән үйі енді ерекше метеорит сөмкесімен жұртты таңғалдырмақшы.

coperni.com

Mini Meteorite Swipe сөмкесінің бағасы 40 000 еуродан басталады. Оның бағасы қандай метеорит қолданылғанға байланысты өзгереді - кейбір жағдайларда бұдан да қымбат болуы мүмкін.

Әрбір сөмке үшін метеорит жеке өндіріледі және сертификаты бар. Мысалы, Коперни веб-сайтында ұсынылған үлгі Жерге 55 мың жыл бұрын түскен. 1968 жылы Францияның оңтүстігінен табылған.

Бір сөмкені жасау үшін алты апта қол жұмысы қажет. Swipe үлгісіндегі сөмкенің өлшемі мен түсі сирек кездесетін материалдың жеке ерекшеліктеріне байланысты аздап өзгеруі мүмкін.

Метеор сөмкесінің қанша данасы сатылып жатқаны белгісіз, бірақ бренд бұл заттың "талапқа сай сипатына" байланысты қайтарылмайтынын ескертеді.

Сөмкенің биіктігі 23 сантиметр, салмағы шамамен 1,8 кг. Бұл көптеген қарапайым сөмкенің салмағынан да жеңіл.

Т. Раушанұлы