ҰҚК Шекара қызметі мұнай өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз шығаруға жол бермеу мақсатында шара қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1-21 шілде аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан аса жанар-жағармай материалын заңсыз өткізудің 1342 дерегі тіркелген.
"Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды. Бұл әрекет елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖЖМ-ның көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған", - деді ҰҚК өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!