20 күн ішінде Қазақстаннан заңсыз бензин әкетудің 1342 дерегі әшкере болды

20 күн ішінде Қазақстаннан заңсыз бензин әкетудің 1342 дерегі әшкере болды
Фото: ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі мұнай өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз шығаруға жол бермеу мақсатында шара қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1-21 шілде аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан аса жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген.

"Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды. Бұл әрекет елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖЖМ көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған", - деді ҰҚК өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget