20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы: азаматтарға ескерту жасалды

20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы: азаматтарға ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Биыл ұлттық және діни араздықты қоздыру дерегі бойынша 11 адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана прокуратурасы мәліметінше, осындай жағдайдың бірінде елорда тұрғыны TikTok желісінде тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдірген.

"11 адамға қатысты сот актілері заңды күшіне енді", - деп жазылған хабарламада.

Қала прокуратурасы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске салды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget