СҚО-да 20 жылдан бері сотталған азаматшаны туыстары өлді деп санаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қыркүйекте Петропавл әйелдер колониясында ашық есік күні өткен болатын. Іс-шараның басты оқиғасы сотталған Алтынгүл Баязиеваның өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды оңалту орталығында тұрған 8 жастағы қызымен көптен күткен кездесуі болған.
8 қазанда ер адам әйелдер колониясына жүгініп, өзін сотталған Баязиеваның туған ағасы екенін мәлімдеген. Жиенімен байланыс 20 жыл бұрын анасы, яғни ер адамның әпкесі қайтыс болғаннан кейін үзілді. Осы уақыт ішінде сотталғанның туыстары оның қайда екенін білмей, оны қайтыс болды деп санады. 10 қазанда ер адам бас бостандығынан айыру мекемесіне жиенімен қысқа мерзімді кездесу үшін келген.
8 жыл бойы ол мектеп директоры болып жұмыс атқарып жатыр. Ер адам сотталғанның туған ағасын да тәрбиелеп өсірген, енді ол балалар үйінен А. Баязиеваның қызын уақытша алып кетуді жоспарлап отыр.
"Жұма күні таныстарым маған ашық есік күнінен жаңалықтар видеосын жіберді. Мен бірден жиенімді, туған қанымды таныдым. Сол сәтте қандай сезімде болғанымды білмеймін. Көптеген жыл бойы іздеулерден кейін ол тірі және сау болып шықты және оның қызы да бар. Енді мен оны анасы босатылғанға дейін өз қамқорлығыма алуды жоспарлап отырмын. Бұл мәселені біз талқыладық, Алтынгүл қарсы емес. Маған көмектескендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді. Кім біледі, егер ол жаңалықтарда көрсетілмесе, біз тағы кездесер ме едік. Босатылғаннан кейін бізбен бірге тұрасың. Бұл туралы алаңдама, ешкім қарсы емес. Енді біз сені ешқашан жоғалтпаймыз", - дейді ер адам.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!