Қырғызстанның Қаракөл қаласында ер адам 40 жастағы әйелін компьютер монторымен ұрып тастаған. Бұл туралы жергілікті құқық қорғаушы Камиль Рузиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, жәбірленуші әйел дүкенде жұмыс істейді. Ер адам әйелінің жұмысына келіп, өлтіремін деп қорқытып, балағат сөздер айтып, артынша бірнеше рет монитормен ұрып тастаған.
Әйел адамның сөзінше, бұл осымен бірнеше рет болған оқиға екен. Жәбірленуші әйел полицияға жүгінген.
Құқық орғаушының сөзінше, Ыстық Көлдегі облыстық аурухана өкілдері құжаттарды Ыстамбұл хаттамасы бойынша толтырмаған. Жергілікті полиция сараптама тағайындаған.
Камиль Рузиев жәбірленуші әйел 20 жылдан бері тұрмыстық зорлықтан зардап шегіп жүргенін атап өтті. Сараптама қорытындысы бойынша, әйелде бірнеше дене жарақаты тіркелген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!