20 жыл ынтымақтастық: Нархоз және Ұлттық банк табысты қаржыгерлерді бірге қалай дайындайды

20 жыл ынтымақтастық: Нархоз және Ұлттық банк табысты қаржыгерлерді бірге қалай дайындайды
Фото: 2023 жылдың түлектері, "Қолданбалы қаржы"

Биыл Нархоз университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен бағдарламасы, "Қолданбалы қаржы" магистратура бағдарламасының құрылғанына 20 жыл толды.

Бағдарлама Ұлттық Банктің, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының гранттары есебінен қолдау тапты.

Осы уақыт ішінде бұл бағдарлама бойынша 770-тен астам түлек оқуын сәтті аяқтады. Бағдарлама түлектерінің 100%-ы диплом алғаннан кейін алғашқы үш айда жұмысқа орналасады. Соның нәтижесінде елімізде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде, екінші деңгейлі банктерде, инвестиция саласында және сақтандыру ұйымдары, "Үлкен төрттік" компаниялары және квазимемлекеттік секторда табысты жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар пулы қалыптасты.

Бағдарлама CFA, FRM және актуарий халықаралық кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және қаржылық талдаушыларды, қаржылық тәуекелдеу басқарушыларын, макроаналитиктер мен болжау және актуарийлер саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама оқытушыларының жартысынан астамы Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлері.

2022 жылы Қолданбалы қаржы бағдарламасы FIBAA халықаралық аккредитациясын алды және қазір осы бағдарлама түлектерінің дипломдары бүкіл Еуропалық жоғары білім кеңістігінде танылды. Бұл Еуропадағы университеттерге берілуі мүмкін ең жоғары рейтинг.

"Нархоз университетінің қолданбалы қаржы саласындағы магистрлік бағдарламасы бірегей, себебі Нархоз жоғары кәсіби мамандарды дайындайтын ЖОО. Бұл классикалық және заманауи экономикалық теория мен ойдың қосындысы ғана емес, сонымен қатар педагог – практиктердің білімі мен тәжірибесі. Бұл қазақстандық және әлемдік экономикалық шындықтың нақты жағдайлары бойынша оқыту. Бұл тәсіл - бағдарламаның соңында магистранттарға Ұлттық банк пен қаржылық реттеуші сияқты жұмыс берушілер, сондай-ақ қаржы ұйымдары тарапынан кеңінен сұранысқа ие терең практикалық тәжірибеге ие болу мүмкіндігін береді", - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқарма төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин.

"Қаржылық тәуекел-менеджері" бағдарламасының түлегі, Ғаділбеков Алихан:

"Биыл мен Нархоз “Қолданбалы қаржы” бағдарламасын бітірдім және бұл менің өмірімдегі ең жақсы шешімдердің бірі болды деп сеніммен айта аламын. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан академиялық қолдауға ие, сонымен қатар үздік студенттерге гранттар мен шәкіртақылар беріледі. Бағдарлама оқытушылары теориялық білім беріп қана қоймай, тәжірибелерімен бөлісетін өз ісінің кәсіби мамандары. Педагог-практиктердің қатысуы білімімізді нақты біліммен байытып, қаржы нарығын жақсы түсінуге мүмкіндік берді".

"Қаржылық тәуекел-менеджері" бағдарламасының 2-курс магистранты, Құлбаева Оңласын:

"Қаржы саласында жұмыс істей отырып, мен басқа университеттің бакалавриат бағдарламасы бойынша алған білімім толыққанды білікті маман үшін жеткіліксіз екенін түсіндім, сондықтан мен Нархоз университетінде қолданбалы қаржы бағдарламасы бойынша оқуымды жалғастыруды жөн көрдім. Маған осы бағдарламаны бітірген әріптестерім мен жетекшілерім ұсыныс жасады. Олардың еңбектен, мансап құрудағы нәтижелерін көріп, мен де оқуға түсуді ұйғардым".

Бағдарлама туралы ақпарат алғыңыз келсе және бағдарламаға іріктеу критерийлері Нархоз университетінің білгіңіз келсе https://applied-finance.narxoz.kz/#4 сайтында қолжетімді.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 7772340442; 321-1325; 321-1393

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz