• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

20 жыл бұрын кісі өлтірген күдікті қолға түсті

20 жыл бұрын кісі өлтірген күдікті қолға түсті
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында жиырма жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қылмыстың мән-жайы

2004 жылы 22 қаңтарда Өскемен қаласындағы үйлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған еді.

Тергеу барысында бұл қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті оқиға орнын өртеп жібергені анықталған. Сол кезде қылмыстық іс қозғалғанымен, айғақтардың жойылуы мен қылмыскердің ізін суытуы тергеу барысын күрделендірген.

Жедел уәкілдер материалдарды қайта қарап, деректерді талдап, қылмыстың толық көрінісін кезең-кезеңімен қалпына келтірген.

"2025 жылы ақпанда қылмыстық іс қайта жанданып, жедел тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ізіне түсу мүмкін болды", - деп жазылған хабарламада.

18 ақпанда сот шешімімен күдікті қамауға алынды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget