“20 жыл бойы сақталған“. Блогер Заманбек Нұрқаділовтің алтын сағатын көрсетті

“20 жыл бойы сақталған“. Блогер Заманбек Нұрқаділовтің алтын сағатын көрсетті
Фото: instagram.com/aqarys/

Танымал блогер Ақарыс Әділжан әлеуметтік желідегі парақшасында Заманбек Нұрқаділовтің 20 жыл бойы сақталған алтын сағатын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов сағатын оның әкесіне сыйлаған. Блогердің әкесі содан бері тартуды тіпті өзі тақпай сақтаған көрінеді.

"Заманбек Нұрқаділов әкемді қатты жақсы көретін және әкемнің "Терісқақпай" театрын әрқашан қолдайтын.
1999 жылы Заманбек аға әкеме өзінің таза алтын сағатын сыйлаған еді. Одан кейін әкем екеуі кездескен кездерде "Сағатты сатып жіберме, жарайды ма?" деп ескертіп қоятын.
Әкем "Әрине, Зәке, сатпаймын" деп уәде берген.
2005 жылы Заманбек аға қайтыс болды. Содан бері әкем бұл сағатты мүлдем тақпай, сақтап қойған.
2005 жылдан бері отбасымызда қиын кездер болмады емес, болды. Әкем айтпақшы, үйде қарапайым қант та болмаған кездер болды. 
Сол кездерде талай кісілер "Зәкеңнің сағатын бізге бәленбай мың долларға сатшы" деп сұрайтын. Бірақ әкем ешқашан сағатты сату дегенді ойына алмайтын!
Сағаттың тағылмай, сақталып тұрғанына 20 жылға жуық уақыт болды", - деді ол.

Енді блогер сағаттың аукционда сатылатынын жеткізді.

"Осы жылы әкем екеуміз Заманбек ағаның сағатын Sham мектебінің аукционына берейік деп шешім қабылдадық. Себебі Заманбек ағаның тірі кезіндегі мақсатының бірі - ауылдың өнерлі балаларын қолдау еді. Осы миссияны қазіргі кезде атқарып, мектеп ашып жатқан Қуаныш Бейсек және Ұлықбек Шәріпов.
Сағат аукционда қымбатқа сатылып, түскен ақша білімді балаларға жұмсалуын нәсіп етсін. Басты мақсат - Заманбек Нұрқаділов ағамыз өмірден өтсе де, артынан баратын сауаптар тоқтамасын", - деп жазған ол.

View this post on Instagram

A post shared by Aqarys talks (@aqarys)

View this post on Instagram

A post shared by Aqarys talks (@aqarys)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә